Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Айсұлтан Назарбаевтың неден қайтыс болғаны анықталды

Ұлыбританияның құпия өлімді зерттейтін ресми өкілі Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі Айсұлтан Назарбаевтың қазасына есірткіге тәуелділік себеп болды деген қорытынды жасады, деп хабарлайды Азаттық Радиосы

Айсұлтан Назарбаевтың неден қайтыс болғаны анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Зерттеу нәтижесі 24 наурызда жарияланды. Оның нәтижесі бұрынғы президенттің немересінің қазасы төңірегіндегі түрлі күдік-дүдәмалдарды сейілтеді деп айтылады. Айсұлтан 2020 жылы 16 тамызда Лондондағы саябақтан ессіз күйде табылған еді. Кейінірек оның қайтыс болғаны жайлы хабар тарады.

Айсұлтан Назарбаев жылдар бойы есірткіге тәуелділікпен күрескен. Ол сонымен бірге өзінің отбасын бірнеше рет жемқорлық үшін айыптаған. Бұл оның қазасына байланысты түрлі жорамалдардың туындауына себеп болған еді.

Сараптама кезінде аға коронер Фиона Уилкокс оқиғаны есірткімен байланысты деп сипаттаған куәгерлер, полиция қызметкерлері және писхиатрдың сөздерімен келіскен.

«Айсұлтан табиғи себеппен қайтыс болды деп санаймын, ол кокаинға тәуелділіктің салдарынан қайтыс болды», – деді Уилкокс тыңдау қорытындысы кезінде.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы: Қазақстан шикізатты аз, дайын өнімді көп сатуы керек

Айбек Дәдебай

ҚХП алимент бойынша берешекті өтеу үшін арнайы қор құруды ұсынды

Нұрсұлтан Шоқанов

«Байтақ» төрағасы: Біз Экономика және Қаржы министрлігін алмастырмаймыз

дебат

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті