USD
USD
USD

Airbus 15 мың жұмысшысын қысқартуы мүмкін

Панденмияның кесірінен ұшақ жасаумен айналысатын атақты Airbus корпорациясы қып-қызыл шығынға батты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Airbus 15 мың жұмысшысын қысқартуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Еуропалық алып тығырықтан шығу үшін мыңдаған жұмыс орнын қысқартатынын мәлімдеді. Бірақ бұл шешіммен келіспейтіндер көп. Компанияның ашуға булыққан қызметкерлері көшеге шығып, наразылық акциясын ұйымдастырды. Кәрі құрлықтағы зор шығынға батқан концерн тап осы Airbus. Ұшақ құрастырушы кәсіпорын осы жылдың алғашқы тоқсанында жарты миллион еуро табысынан айырылған. Ал өндіріс қуаты 40 процентке төмендепті. Қолданысқа дайын жаңа әуе көліктері қоймаларда жиналып қалған. Осының салдарынан жұмысшылар санын қысқарту мәселесі көтерілуде. Алдын ала есеп бойынша, 15 мың адам жұмыс орнын жоғалтуы мүмін.

 Airbus  Испаниядағы – 900, ал, Ұлыбританиядағы - 1700 қызметкерін қысқартады. Ең көп зардап шегетін Франция мен Германия. 10 мыңнан астам адам жұмыстан шығарылады. Компанияның бұл жоспарымен келіспейтіндер өз наразылықтарын білдірді. Мәселен, Германия 2021 жылға дейін қысқартылған жұмыс күніне көшсек дейді. Сонда компания өз шығынын айтарлықтай азайтады. Сондай-ақ пандемия біткеннен кейін білікті маман іздеудің де қажеті болмайды. Енді соңғы шешімді Airbus қабылдауы тиіс. 

Қазір оқып жатыр

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған

Аурухана

Қошанов иттерді күтіп ұстауға бөлінген миллиардтардың мақсатты жұмсалғанына күмән келтірді

Ерлан Қошанов

Энрике Иглесиасқа Қазақстанда жанкүйерлерін сүюге рұқсат етіле ме?

Энрике Иглесиас

Мәжіліс қаңғыған жануарларды эвтаназиялау туралы заңды мақұлдады

Ит