USD
USD
USD

AIRAN редакциясы қызметін тоқтатқанын хабарлады

AIRAN YouTube-арнасы енді хабар таратпайтыны мәлім болды.

Анна Яломенка, Дәурен Меркеев
Фото: Видеодан скрин/Airan

Астана, NEGE. Екі апталық үзілістен кейін жобаның бас редакторы Дәурен Меркеев редакция қабылдаған шешімнің мән-жайын түсіндіріп берді.

«Баршаңызға сәлем! Екі аптадан бері біздің YouTube-арнада үнсіздік орнады. Осы уақыт бойы бізге алаңдаған көрермендер мен әріптестерге қиындықтар бар екенін және оны шешіп жатқанымызды айтып келдік. Шынымен де солай болды – 13 наурыз, жұма күні біз тікелей эфирлерді тоқтатып, видеолар жариялауды доғардық. Осы уақыт ішінде жағдайды реттеуге тырыстық. Бірақ қолымыздан келмеді. Редакция жұмысын тоқтатады. Неге?

 

Себебі біз қазіргі уақытта қалыптасқан жағдайда әрі қарай жұмыс істей алмаймыз. Төрт жыл бұрын, соғыс пен Қаңтар оқиғалары басталған тұста, ұстанымдарымызды айқындап алдық. Ол осы жылдар аралығында біздің бағдарымыз болды. Біз соны ұстануға тырыстық, алайда өкінішке қарай, қазіргі уақытта ол мүмкін болмай қалды. Әлемдегі және елдегі қазіргі жағдайды елемеуге болмайды», – деді Даурен Меркеев.

Сондай-ақ ол редакция мүшелері ұсталғаны туралы қауесетті және жобаны осы уақыт бойы Дариға Назарбаева қаржыландырып келді деген ақпаратты жоққа шығарды.

«Біреулер алаңдады, ал біреулер "Айран ақыры ашып кетті" деп қуанды. Бұл да жақсы. Дені сау қоғамда әркімнің өз пікірі болуы керек – тек немқұрайлылық болмаса болғаны», – деді  Меркеев.

«Airan жақсы жоба болды» деген бас редактор сөз соңында жобаны қолдаған жандар мен хат жазып, іздеген көрермендерге алғысын білдірді.

Қазір оқып жатыр

26 наурыз – Халықаралық Арал күні болуы мүмкін

Саммит

Халықаралық әріптестік нәтижесінде киберқылмыс деңгейі 4 пайызға төмендеді

Киберқылмыс

КҚК-ға шабуыл жайлы жазбаларға байланысты тергеу: іске «бопсалау» бабы қосылды

 cpc.ru

16 миллиард рубль таза кіріс. Назарбаев НЕГЕ «АТБ Банк» дивидендін алмай отыр?

АТБ