11 Желтоқсан 17:30
...

Air Astana жылды қорытындылады

Фото:

 Air Astana компаниялар тобы 2019 жылдың алдын ала қорытындысын шығарды. Келер жылы Air Astana әуе компаниясы мен FlyArystan бюджеттік әуе тасымалдаушысы 5 млн астам жолаушыны тасымалдайды деп күтілуде, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 17%-ға артық.

 Алматы, NEGE. «Ағымдағы жыл біз үшін бетбұрысты болды, өйткені біз 2019 жылы 1 мамырда жаңа FlyArystan бюджеттік әуе компаниясын іске қостық. Осы уақыт ішінде лоукостер тамаша нәтижелер мен даму үрдісін  көрсете алды. Қазақстандықтарға ішкі рейстерде таңдау мүмкіндігін ұсыну арқылы  күшейе түсетінімізге сенеміз. Air Astana толық сервисті әуе компаниясының қызметін пайдалануға немесе FlyArystan-ның қолжетімді пакетін таңдауға болады.  2019 жылдың соңына қарай Air Astana компаниялар тобы билеттерінің құны 13%-ға төмендеді. Енді әрбір қазақстандықтың ұшақпен саяхаттай алуы  біз үшін үлкен қуаныш», – дейді Air Astana президенті Питер Фостер.

Cонымен қоса, Air Astana әуе компаниясы 2019 жылы флотты 4 Airbus A320/321neo ұшағымен және 4 Embraer 190-Е2 әуе лайнерімен толықтырды.  Осылайша, парктің орташа жасы 6,5 жасты құрады. Дели, Дубай, Ыстамбұл, Душанбе, Бішкек, Сеул, Мәскеу, Ташкент және Тбилиси бағыттары бойынша жиіліктер ұлғайтылды, сондай-ақ Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Шарм-Эль-Шейхке және Алматыдан Бодрумға чартерлік рейстер іске қосылды.

Инженерлік-техникалық бөлімше 2019 жылдың қараша айында Алматы әуежайындағы өзінің инженерлік-техникалық орталығында Airbus A320neo ұшағының C-check күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді.  Жобаға S7 Technics компаниясы қолдау көрсетті.

Ab-initio қазақстандық ұшқыштарды даярлау бағдарламасы 2008 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Сол кезден бастап 280 жуық кадет оқытылды. Осы жылы Еуропаның жетекші ұшқыш мектептерінде 23 кадет оқу үстінде, таяудағы 5 жыл ішінде жыл сайын 40 кадетті оқыту жоспарлануда.

2019 жылы әуе компаниясының сервисі бірнеше жоғары марапатқа ие болды. Air Astana «Орта Азия мен Үндістандағы үздік әуе компаниясы» номинациясында Skytrax сыйлығының сегіз дүркін лауреаты, «Аймақтық Азиялық тасымалдаушы» номинациясында TripAdvisor сайтының Travellers' Choice Awards 2018/2019 сыйлығының екі дүркін иегері атанды. APEX американдық қауымдастығы 2018 және 2019 жылы Air Astana әуекомпаниясына «Ірі аймақтық әуекомпаниялар» номинациясы бойынша 5 жұлдызға лайықтады.

FlyArystan лоукостері 2019 жылы 700 мың жолаушыны тасымалдаумен қамтымақ.  Әуе компаниясы өз желісін 13 бағытқа дейін кеңейтіп, Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге 13 желтоқсанда алғаш халықаралық рейсін орындайды.

 2020 жылы FlyArystan флоты 10 ұшаққа дейін артып, маршруттық желісі 40 бағытқа дейін кеңейтіледі деп жоспарлануда.

Air Astana 2020 жылы 3 маусымда Алматыдан Парижге тікелей рейспен қатар басқа да белгілі туристік бағыттарды ашуды қарастырып жатыр. Келесі жылы әvуе компанияның флоты 42 ұшаққа дейін артатын болады.

 

Тегтер: