USD
USD
USD

Air Astana ұшағы Шымкентке шұғыл қонды  

Алматыға ұшып бара жатқан Air Astana ұшағы Шымкентке шұғыл қонды.

Air Astana ұшағы Шымкентке шұғыл қонды  
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қызылорда -Алматы» бағытындағы Air Astana рейсі Шымкентке шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оқыс оқиғаға байланысты Air Astana компаниясы түсінік берді. «2020 жылғы 25 қыркүйекте «Air Astana» АҚ әуекомпаниясының тіркеу нөмірі Р4HA E290 әуе кемесі (Эмбраер-190) «Қызылорда -Алматы» бағыты бойынша KZR 986 рейсімен ұшып бара жатқанда диспетчерге техникалық себептермен Шымкент қаласының қосалқы әуеайлағына мәжбүрлі түрде қонғанын хабарлады. Ұшақ 17.51-де Шымкент қаласының әуежайына сәтті қонды.

Әуе компаниясының алдын ала мәліметінше, түтін датчигі іске қосылған. Ұшу қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес әуе кемесінің командирі қосалқы әуе айлағына қону жөнінде шешім қабылдады» деді әуе компаниясынан. Air Astana инженерлік техникалық құрамы инспекция жасау үшін Шымкентке ұшып шықты. Жолаушыларды жеткізу ҚР заңнамасы бойынша тез арада шешіледі. Бұл дерек бойынша тексеру жүргізіледі.

Қазір оқып жатыр

NEGE-нің атын жамылған жалған Telegram-арна пайда болды: редакцияның ресми мәлімдемесі

Nege

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті