USD
USD
USD

Air Astana ұшағы Алматы әуежайына оралуға мәжбүр болды

   Air Astana әуе компаниясы Алматы - Нұр-сұлтан бағыты бойынша ұшып шыққан Embraer 190 Е2 әуе кемесі әуежайға қайта оралғанын хабарлады.

Air Astana ұшағы Алматы әуежайына оралуға мәжбүр болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Сағат 16.50-де Алматы-Нұр-сұлтан рейсін орындаған Air Astana әуе компаниясының Embraer 190 Е2 ұшағы Алматы әуежайына оралды. Қону штаттық режимде өтті. Ұшақты ауыстырғаннан кейін жолаушылар  жергілікті уақыт бойынша 21.50-де қайта жолға шықты. Ұшақты қайтаруға командир мен екінші ұшқыштың жол жылдамдығы индикаторы көрсеткішіндегі айырмашылық болуы қайтуға себеп болған», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ақауды жою үшін техникалық жұмыстар жүргізілуде, деп толықтырды авиакомпания. Ұшу алдында ұшақ барлық қажетті тексерулерден өткен. Еmbraer 190 Е2 ұшақтары ел ішінде және көрші елдерге баратын бағдарларда пайдаланылады. Embraer 190 моделі флоттан шығарылған.

Қазір оқып жатыр

«Қазпоштаны» табысқа шығарған Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінен босатылды

Нұрлан Сауранбаев

Алматыда автобустар саны азайды: тұрғындар әкімдікке шағымдануда

Қоғамдық көлік

Ақтөбеде Неке сарайында 26 жастағы әйел пышақ жарақатынан көз жұмды: күдікті ұсталды

Пышақ жарақаты