Air Astana әуекомпаниясына 7 млрд теңгеге жуық айыппұл салынды
Халықтың авиабилеттер бағасының үздіксіз өсуіне, әсіресе жоғары сұраныс кезеңінде (жазғы демалыс кезеңінде) қатты сынға алуы аясында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі көлік прокуратурасы органдарымен бірлесіп, Air Astana қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.
Алматы, NEGE. Тексеру қорытындысы бойынша Эйр Астана іс-әрекеттерінде авиатасымалдар нарығындағы үстем жағдайды теріс пайдалану фактілері әшкере болып, әрбір авиабилеттен жанармай алымын негізсіз алғаны анықталды.
2023 жылдың 8 маусымында Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық соты Эйр Астанаға қатысты 6,7 млрд. теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Қазір оқып жатыр
Маусымдағы жағдай бойынша республикалық бюджет тапшылығы 1,7 трлн теңге болды
Ақтөбе облысында жүзден астам адам уланып қалғаннан кейін қылмыстық іс қозғалды
Перизат Қайраттан тәркіленген тағы бір Mercedes сатылымға шығарылды
Көкшетауда жүргізуші куәлігінсіз адам қағып кеткен әйелдің жазасы кейінге қалдырылды