USD
USD
USD

Air China Алматы мен Бейжің арасында тікелей рейс ашты

30 шілдеде Алматы – Бейжің бағытындағы жаңа тікелей рейс іске қосылды.

Саяхат
Фото: Pixabay

Алматы, NEGE. Әуе қатынасын Қытайдың ұлттық тасымалдаушысы және Star Alliance жаһандық альянсының мүшесі – мемлекеттік Air China компаниясы жүзеге асырады.

Жаңа әуе бағыты екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтып, іскерлік және туристік сапарларды жеңілдетуге, сондай-ақ әуе қатынасының географиясын кеңейтуге жол ашады.

2025 жылдың І тоқсанында Алматыға Қытайдан 20 мыңнан астам турист келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 40% көп.

Қазіргі уақытта Алматы қаласы Гуанчжоу, Сиань, Үрімжі, Шанхай, Ханчжоу және Санья қалаларымен тікелей рейстер арқылы байланысқан. Жаңа рейс Қазақстан мен Қытай арасындағы ай сайынғы 150-ден астам әуе сапарын одан әрі қолжетімді етеді.

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан «Центр плова Loft» ісі бойынша үш адамға үкім шықты

жарылыс

Тіпті жақын туысыңызға да қарыз бермеген дұрыс – қаржы маманы

Әсел Әуелбекова

Қырғызстан билігі қазақ журналисінің стадион құны туралы мәліметіне жауап берді

Бішкек Арена

Қытайға кіру ережелері өзгереді: FlyArystan жолаушыларға үндеу жасады

Әуежай