USD
USD
USD

Air Astana ұшақтары Иран әуе кеңістігін айналып ұшады

Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты мәлімдеме жасады.

freepik.com
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Компания мәліметінше, Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Мединаға рейстер Иран әуе кеңістігі арқылы ұшпайды.

«Air Astana Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты кейбір тұрақты және чартерлік рейстерінің маршруттық жолдарының өзгерістері туралы хабардар етеді. Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Мединаға рейстер Иран әуе кеңістігін айналып ұшады.

Air Astana жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр», – делінген хабарламада.

Кестеге өзгеріс енгізілгендіктен, компания өкілдері жолаушыларға рейстері туралы мәліметті алдын ала тексеріп алуға кеңес берді.

Ақпаратты мына телефон нөмірлері арқылы нақтылауға болады:
Брондау және ақпарат орталығы: +7 (727) 244 44 77, +7 702 702 44 77
Рейстерді кешіктірген және тоқтатқан жағдайда: +7 (727) 244 44 78
WhatsApp: +7 702 702 00 74.

Қазір оқып жатыр

Дания Еспаева: Депутаттардың жалақысы 600 мың теңгеден басталады

жаңа құрам

Пайда жұқарды, бірақ қарыз қалың. Alatau City Bank үшін НЕГЕ уайымдай бастадық?

.

32 мың теңге беріп, 752 мың теңге талап еткен: депутат заңсыз несие берушілерді бақылауға шақырды

несие алу

Депутат туысының бизнесіне қатысты заңға дауыс бере ала ма?

Құрылтай брифингі