Air Astana Таяу Шығыста қалған 735 жолаушыны қонақүйге орналастырды
Таяу Шығыс бағыттарына орындалатын рейстердің мәжбүрлі түрде уақытша тоқтатылуына байланысты Air Astana өңірде қалып қойған 735 жолаушыны қонақүйлерге орналастырды.
Астана, NEGE. Жолаушыларға бір тәулікке тегін тұру мүмкіндігі қарастырылды. Әуекомпания бұл шығындарды толықтай өз есебінен өтегенін мәлімдеді.
Жолаушылар саны:
- Доха – 174 жолаушы;
- Дели – 231 жолаушы (Алматы – Дубай рейсі);
- Дубай – 330 жолаушы.
Сондай-ақ әуекомпания Дубай қаласындағы Flora Al Barsha және Flora Creek қонақүйлерімен тегін тұру мерзімі аяқталғаннан кейін Air Astana жолаушылары үшін арнайы тарифтер ұсыну жөнінде келісімге келді.
Қонақүйде тұру мерзіміне қатысты қосымша мәселелер туындаған жағдайда, сондай-ақ құқықтық және репатриациялық сұрақтар бойынша Air Astana жолаушыларға Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің жедел байланыс желілеріне хабарласуды ұсынды.
Байланыс нөмірлері ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында жарияланған.