USD
USD
USD

Air Astana Таяу Шығысқа ұшатын рейстерін тоқтатты

Air Astana әуекомпаниясы Иран әуе кеңістігінің жабылуы мен аймақтағы тұрақсыз жағдайға байланысты рейстер кестесіне өзгеріс енгізілгенін хабарлады.

Air Astana
Фото: Air Astana

Астана, NEGE. Компания мәліметінше, мына рейстер ұшып кету әуежайларына оралады:

  • KC263 Алматы – Медина;
  • KC897 Алматы – Дубай;
  • KC653 Алматы – Доха;
  • KC205 және КС207 Астана – Дубай. 

Ал KC899 Алматы – Дубай рейсі Делиге,
FS7617 FlyArystan Ақтау – Дубай рейсі қосалқы әуеайлаққа ұшты.

Таяу Шығысқа ұшатын қалған рейстер тоқтатылды.

«Жолаушылардан рейстердің мәртебесін тексеруді сұраймыз, себебі межелі әуежайларға ұшып шығу және ұшып келу уақыты өзгеруі мүмкін. Сатып алу орны бойынша Жидда, Медина және Дубайға билеттерді 7 наурызға дейін тегін қайта брондауға және қайтаруға рұқсат етіледі», – деп хабарлады Air Astana өкілдері.

Айта кетейік, 28 ақпанда Израиль қорғаныс армиясы Иранға және Оңтүстік Ливанның бірнеше ауданына соққы жасады

Шабуыл АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранмен ядролық бағдарламасына қатысты соңғы келіссөздеріне «көңілі толмайтынын» мәлімдеген соң бірнеше сағаттан кейін жасалды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс