USD
USD
USD

Air Astana кейбір қалаларға 17 наурызға дейін билет сатпайды

«Air Astana» компаниялар тобы Таяу Шығысқа жоспарланған рейстерге қатысты мәлімдеме жасады.

Air Astana
Фото: Air Astana

Астана, NEGE. Компания мәлімдемесінде Дубай, Жидда, Медина және Дохаға тұрақты рейстер 10 наурызды қоса алғандағы кезеңге дейін тоқтатылатыны айтылған.

«Бұл қалаларға билеттерді сату 17 наурызға дейін уақытша тоқтатылды. Тегін қайта брондау 30 сәуірді қоса алғанға дейін, ал билеттерді қайтару 11 наурызды қоса алғанға дейін қолжетімді», – деп хабарлады «Air Astana» компаниясының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 3 наурызда «FlyArystan» Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстердің уақытша тоқтатылғанын хабарлады. Осыған байланысты компания өкілдері 7 наурыз және 10 наурыз күнгі рейстердің жолаушылары билеттің құнын толық қайтарып ала алатынын немесе сатып алынған арна бойынша билетті тегін қайта брондай алатынын ескертті.

Қазір оқып жатыр

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.