USD
USD
USD

Air Astana қазанда Алматы мен Астанадан Дубайға ұшатын әуе рейсін қалпына келтіреді

Air Astana әуе компаниясы 1 қазаннан бастап Алматыдан Дубайға және кері бағытта қатынайтын, ал 2 қазаннан бастап Астана-Дубай-Астана бағыттары бойынша тұрақты рейстер қалпына келтірілетінін хабарлады.

Air Astana
Фото: Air Astana

Астана, NEGE. Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазан айында ұшу жиілігі біртіндеп ұлғаймақ. Атап айтқанда, Алматы-Дубай-Алматы бағытында төрт рейстен басталған әуе қатынасы айдың соңына дейін аптасына он екі рейске дейін артады.

Ал Астана-Дубай-Астана бағытындағы үш рейс аптасына он рейске дейін ұлғайтылмақ.

Бұл ретте Air Astana өкілдері Таяу Шығыстағы жағдай бақылауда болатынын және қажет болғанда ұшу кестесі өзгеруі мүмкін екенін атап өтті. Өзгерістер болған жағдайда, жолаушылар алдын ала хабардар етілмек.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты