USD
USD
USD

Air Astana Біріккен Араб Әмірліктерімен әуе қатынасын уақытша тоқтатты

Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Дубайға қатынайтын рейстерін уақытша тоқтатқанын хабарлады.

 Air Astana
Фото: Air Astana

Астана, NEGE. Бұл жөнінде әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Атап айтқанда, 13 және 14 шілдеге жоспарланған KC897/898 Алматы – Дубай – Алматы рейстері, сондай-ақ 14 шілдеге жоспарланған КС 205/206 Астана – Дубай – Астана рейстері тоқтатылады.

«Жолаушыларға билеттердің құнын сатып алу орны бойынша толық қайтару немесе 12-18 шілде аралығында жоспарланған рейстерден 31 шілдені қоса алғанға дейін жоспарланған рейстерге тегін қайта брондау ұсынылады», – деп хабарлады Air Astana өкілдері.

Бұған қоса, компания өкілдері рейстер кестесіне тағы өзгерістер енгізілуі мүмкін екенін ескертті. 

Қазіргі уақытта Air Astana жағдайды мұқият бақылап, жолаушыларды тасымалдау мәселелерін шешіп жатыр.

Еске салсақ, 12 шілде күні Астанадан таңғы уақытта ұшып шыққан KC205 Астана – Дубай рейсі кері бұрылып, Астана әуежайына қайтып келді. Сол күнге жоспарланған Алматы – Дубай рейсі де орындалған жоқ. Бұған Таяу Шығыстағы жағдай себеп болып отыр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі мен оның Аппараты туралы ережені бекітті

қол қою

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 108 долларға жетті

мұнай бағасы

Жаңаөзен әкімінің бұрынғы орынбасары ауруханаға демеуші бөлген қаржыны жымқыру ісі бойынша тексерілуде

ҚМА қызметкерлері мен күдікті

Қытайлық Temu маркетплейсіне Швейцарияда сатушыларға қысым көрсетті деген айып тағылды

Temu