USD
USD
USD

Air Astana 20 маусымнан бастап Дубайға әуе рейстерін қайта жандандырады

Air Astana әуе компаниясы Алматы мен Астанадан Дубайға және кері бағыттағы рейстерін таяуда қайта қайта қалпына келтіретінін хабарлады.

Air Astana
Фото: Air Astana

Астана, NEGE. Нақтырақ айтқанда, 20 маусымнан бастап Алматы-Дубай-Алматы және 10 шілдеден бастап Астана-Дубай-Астана тұрақты рейстері орындала бастайды. 

«Иран әуе кеңiстiгiнiң жабылуына байланысты, қауiпсiз және сенiмдi әуе қатынасын қамтамасыз ету мақсатында ұшақтар Пәкiстан арқылы ұшады», – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Алайда ұшу кестесі кезең-кезеңімен кеңейтіледі:

Алматы – Дубай – Алматы

  • 15 – 21 маусым: аптасына 2 рейс (сенбі, жексенбі);
  • 22 – 28 маусым: аптасына 4 рейс (бейсенбі, жұма, сенбі және жексенбі);
  • 29 маусым – 5 шілде: аптасына 6 рейс (күн сайын, сейсенбіден басқа);
  • 6 – 12 шілде: аптасына 7 рейс (күн сайын)

    Астана – Дубай – Астана
  • 10 – 19 шілде: аптасына 3 рейс (жұма, сенбі, жексенбі);
  • 20 – 26 шілде: аптасына 4 рейс (сейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі);
  • 27 шілде – 2 тамыз: аптасына 5 рейс (дүйсенбі және сәрсенбі күндерінен басқа барлық күндер);
  • 3 – 9 тамыз: аптасына 7 рейс (күн сайын)

Билеттерін 31 шілдеге дейін қайта брондап қойған жолаушыларға 20 маусымнан бастап Алматыдан, ал 10 шілдеден бастап  Астанадан Дубайға ұшу бағытында қайта тегін брондау ұсынылады.

Бұл ретте Air Astana өкілдері әуе компаниясы Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты ұшу кестесі өзгеруі мүмкін екенін ескертеді.

Айта кетейік, Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты Air Astana әуе компаниясы Дубайға тұрақты рейстерін уақытша тоқтатқан болатын.

Қазір оқып жатыр

Базарлық мөлшерлеменің төмендеуі депозиттегі жинаққа қалай әсер етеді?

әлеуметтік төлем

«Оңай серіктес емес»: Путин Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы туралы айтты

Путин

Жүкті әйелдер өлімі: Әлназарова Жамбыл облысының дәрігерлерін қатаң сынға алды

Ақмарал Әлназарова

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені қазан айынан бері алғаш рет төмендетті

Ұлттық банк