USD
USD
USD

Айнұр Тұрсынбаева туған анасын көпшілікке көрсетті

Айнұр Тұрсынбаева алғаш рет көпшілікке туған анасын көрсетті. 

Айнұр Тұрсынбаева туған анасын көпшілікке көрсетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол анасы туралы өз парақшасында әсерлі жазба қалдырған.

"Мені 9 ай 10 күн көтеріп, тар құрсағын кеңітіп, тас емшегін жібітіп тапқан анам осы кісі. Аты Манат... Мен бірақ қазақтың менталитетімен шешемді шеше демеген адаммын.. Әлі күнге атымен айтамын..Бірақ іштей жақсы көремін, жүрегім елжірейді, іздеймін, мейіріміне мұқтажбын. Қарақат орындайтын "АЯУЛЫ АНАМ" осы кісіге арнап жазылған... Марқұм апам өле-өлгенше бөлектеп қызғанып өтті...

Маған деген шексіз махаббатын солай көрсетіп кетті. Бүгін Аллахтың қалауымен анамыз 63 жасқа толып жатыр..Аллах бұл кісіні сүйеді.. Себебі отбасынан да, балаларынан да тек жақсылық көріп отыр. 11 немересінің сүйікті әжесі. Аллах анамызға иман байлығын нәсіп етсе екен, ауырмаса екен деп дұғамнан тастамай отырамын...Ин ша Аллах бірге қажылыққа да баратын күн алыс емес..Маған ақылды сіңлілер, сабырлы бауыр туып бергенің үшін мың алғыс. Лайым, аналарымыз аман жүрсін", - деп жазды айтыскер парақшасында. 

Қазір оқып жатыр

Қазақ жазушылары Нобель сыйлығын неге ала алмай жүр?

Қазақстан Жазушылар одағы

Еліміздегі барлық перзентханалар 15 тамызға дейін тексеріледі

Перзентхана

Ауызекі қазақ тілін қай сервис жақсы таниды?

Мемлекеттік тіл

Алматыда футбол алаңына партия туымен жүгіріп шыққан жанкүйер ұсталды

Артспорт