USD
USD
USD

«Айнтрахт» Еуропа лигасының жеңімпазы болды

Еуропа лигасының чемпионы анықталды.

 «Айнтрахт» Еуропа лигасының жеңімпазы болды
Фото: NEGE.kz

 Алматы  NEGE. Аталған турнирдің финалында Германияның «Айнтрахт» және Шотландияның «Глазго Рейнджерс» командалары кездесті.

Командалар бір-біріне тегеурінді қарсылық көрсетті. Екеуінің де гол соғатын көптеген мүмкіндігі болды. Дегенмен бірінші кезеңде таблодағы есеп өзгерген жоқ.

Екінші кезеңде де командалар есепті өзгертуге бар күшін салды. Нәтижесінде 57-минутта шотландиялық клубтан Джо Арибо көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Ал 70-минутта «Айнтрахт» шабуылшысы Рафаэль Борре таразы басын теңестірді.

Негізгі кезең 1:1 есебімен тең аяқталды. Ойын соңындағы пенальти тебуде «Айнтрахт» мергендік танытты. Осылайша германиялық клуб Еуропа лигасының жеңімпазы болды. Айта кетсек, «Айнтрахт» бұдан бұрын 1980 жылы UEFA кубогының жеңімпазы атанған еді.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Қазақстан кубогының жеребесі тартылды

Қазір оқып жатыр

Щучинскіде сүйіктісін ұрып өлтірген ер адам 10 жылға сотталды

кісі өлімі

12 жылдық үкім жойылды: Шымкентте ҰҚК-нің бұрынғы подполковнигінің ісі қайта қаралады

Манат Сарбасов

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur