USD
USD
USD

Аймақ экономикасында өсім бар

Жыл басынан бері аймақта әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі макрокөрсеткіштері бойынша өсімнің оң динамикасы қалыптасты. Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 763,6 миллиард теңгенің өнімі өндірілген.

Аймақ экономикасында өсім бар
Фото: NEGE.kz

Қызылорда, NEGE. Өткен жылмен салыстырғанда 0,7 пайызға артса, өңдеу өнеркәсібі де биыл 15,8 пайызға артық орындалған. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Қамбарбек Мүбараков айтты.
– Өсім негізінен тамақ өнімдерін өндірудің 3,1%-ға, мұнай өңдеу өнімдерін өндірудің 13,5%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндірудің 13,7%-ға, өзге де бейметалл минералдық өнімдерді өндірудің 21,6%-ға, металлургия өндірісінің 36%-ға және машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнатудың 38,9%-ға артуы есебінен қамтамасыз етілген.

2023 жылы Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында облыста жалпы құны 3,9 млрд. теңгені құрайтын, 199 жұмыс орындары құрылатын 3 жобаны іске асыру жоспарланған, – деді Қамбарбек Амангелдіұлы.

Қазір оқып жатыр

Kaspi.kz қосымшасында әскери есеп туралы анықтаманы алуға болады

kaspi.kz

СҚО-да кен орнына апаратын кірме жол құрылысы 8 жылдан бері әлі аяқталмаған: басқарма басшысы күдікке ілінді

бюджет қаражатын жымқыру

Ұмай ана қолдады. «Отбасы банк» топ-менеджерлерінің табысы НЕГЕ тез өсіп келеді?

.

Алты адам қаза тапқан Aqtogai Milk-тегі қайғылы жайтты тексеру қорытындысы жарияланды

Aqtogai Milk