USD
USD
USD

Аймағамбетов: жергілікті әкімдіктер 79 мың 870 компьютер сатып алады

Орталық коммуникациялар қызметінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқыту жүйесіне байланысты кейбір мәселелерге тоқталды.  

Аймағамбетов: жергілікті әкімдіктер 79 мың 870 компьютер сатып алады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Министрдің айтуынша, қазір қалада 2 млн бала, ауданда 500 мыңға жуық бала оқиды. "Оның барлығы интернет арқылы оқи алады. Әрине, кейбір отбасында компьютер жетіспеушілігі бар, екіншіден интернеті жоқ отбасылар бар. Бұл мәселені біз білеміз және шешуге тырысамыз. Қазір мектептегі 120 мың компьютер ата-аналарға уақытша берілді. Екінші, компьютер жетпесе сатып аламыз. Жергілікті атқарушы әкімдіктер 79 мың 870 компьютер сатып аламыз деп жоспарлады. Алматы қаласында 10 мыңға жуық отбасы компьютермен қамтамасыз етілді. Нұр-Сұлтанда да солай. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Алматыда 4220 интернет роутері таратылса, ал Нұр-Сұлтанда 5583 отбасы интернетке қосылды" деді.  

Қазір оқып жатыр

Энергетика министрлігі КҚК толық тоқтайды деген ақпаратты жоққа шығарды

КҚК

Түркияда Temu маркетплейсіне айыппұл салынды

Temu

Туризмнің игілігін ауыл тұрғындары да көруі тиіс – «Әділет» партиясы

.

KazTAG басшылары Әсет Матаев пен Әмір Қасеновке үкім шықты

.