USD
USD
USD

Аймағамбетов ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтады

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдер қауымын Ұстаздар күнімен құттықтады.

Аймағамбетов ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қымбатты әріптестер! Сіздерді келе жатқан төл мерекелеріңізбен, кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Ұлы ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарин: «Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де қымбат. Өйткені ол – мектептің жүрегі», - деген екен. Бізде әр түрлі зәулім мектептер, зәулім ғимараттар, құрылғылар болуы мүмкін. Бірақ бізге, ең бастысы, өз жұмысын сүйетін және жан-жақтан қорғалған мұғалімдер қажет», - деді министр Baq.kz сайтының «Желмая» жобасында.

Асхат Аймағамбетов өзі басқаратын ведомствоның мұғалім мүддесін қорғау жолында әрі қарай да тынбай жұмыс істейтінін айтады.

«Мемлекет басшысының үлкен қолдауының арқасында заң қабылданды, қазір үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр. Сіздерді осы мерекемен құттықтай отырып, қажымас қайрат, шығармашылық табыс тілеймін. Дендеріңіз сау болсын! Өз-өздеріңізді әрдайым қолдап жүріңіздер. Көңіл күйлеріңіз әрқашан көтеріңкі болсын. Мерекелеріңіз құтты болсын!», - деді Білім және ғылым министрі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы