USD
USD
USD

Аймағамбетов түлектер мен мұғалімдерге арналған дайындық тесттің бағасын 2 есе арзандатуды тапсырды

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов түлектер мен мұғалімдерге арналған дайындық тестерінің бағасын 2 есеге түсіруді тапсырды.

Аймағамбетов түлектер мен мұғалімдерге арналған дайындық тесттің бағасын 2 есе арзандатуды тапсырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ұлттық біліктілік тестілеудің сынама тестін тапсыру бағасына, Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру бағасына, магистратураға түсу бойынша дайындық тестілеу бағасына қатысты қазіргі уақытта әртүрлі ақпарат алып жатырмыз. Біршама өзгерген. Әртүрлі дәлелдерді де естиміз. «Бұл міндетті емес», «дайындық тесттер», «өз еркімен тапсыратын тесттер», «міндетті тесттер ақысыз» деген дәлелдер айтылуда» - деді Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиналысында.

Министрдің айтуынша, мұндай дәлелдер ақылға қонымсыз.

«Сондықтан мен келесі тапсырма беремін. Осы дайындық тесттерінің бағасы 2 есе азайтылсын. Оны қайтадан қараңыздар. Бұл тапсырма бойынша тиісті жұмыс жүргізілуі керек. Өйткені, дайындық тесті болса да, өз еркімен тапсыратын тест болса да түлектер мен мұғалімдерге қолжетімді болуы керек. Сондықтан бағасын 2 есе түсіруді тапсырамын»,- деді ол.

Қазір оқып жатыр

«Мұраң мәңгі жасайды»: Головкин Криштиану Роналдуға үн қатты

Головкин және Роналду

Әкім қабылдауына келген тұрғындарды неге ұялы телефонына түсірген?

Аманжол Мырзабеков

Қазақстанның газ саласында 24 млрд теңге көлемінде қаржылық заңбұзушылықтар анықталды

газдандыру

«Қазақ еліне +1 миллиардер»: Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды

Мәдиев, Машрабов