Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Аймағамбетов отандық екпені салдырғаннан кейін өзін қалай сезінген?

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз мәслихатында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов отандық екпеден кейінгі жағдайы туралы айтты. 

Аймағамбетов отандық екпені салдырғаннан кейін өзін қалай сезінген?
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов отандық екпені алғаш салғызған министрдің бірі. Ол мұны отандық ғалымдарға деген құрметімнің белгісі дейді. «Бұл біздің Қазақстан ғалымдарының әлеуетін көрсетеді. Олар керемет жұмыс атқарды. Біз кейде ғалымдарымыздың деңгейін түсінбей жатамыз. Екпе мамыр айында дайын болды. Клиникаға дейін зерттеу жүргізілген соң екпені салдыруға болады. Ешқандай қауіп жоқ екеніне көзіміз жетті. Мен де ғалымдарды қолдау үшін екпені салдыруға шешім қабылдадым. Тамызда алдым. Одан бері бірнеше ай өтті. Дене қызуым көтерілмеді, ешқандай қиындық туындаған жоқ. Өзімде де иммунитет бойынша тиісті антидене пайда болды. Алматыға барып, анализ тапсырдым», - деді министр. 

Қазір оқып жатыр

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

тариф