USD
USD
USD

Аймағамбетов орынбасарына қылмыстық іс қозғалды деген ақпаратқа қатысты жауап берді

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов орынбасарына қылмыстық іс қозғалды деген ақпаратқа қатысты жауап берді.

Аймағамбетов орынбасарына қылмыстық іс қозғалды деген ақпаратқа қатысты жауап берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бұл ақпаратты сол мемлекеттік органның өзінен анықтау қажет. Біз ресми хабарлама алған жоқпыз. Сондықтан, меніңше бұл мәселеге тиісті мемлекеттік органның түсініктеме бергені дұрыс болар», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Асхат Аймағамбетовтің нақтылауынша, барлық орынбасары бүгін жұмыс орнында болды.

«Рүстем Айдарбекұлына (Биғари) қатысты мұндай ақпарат естіген емеспін. Бүгін ол жұмыс істеп жатыр. Кінәлі еместігінің анық-қанығына жету қажеттігін атап өткім келеді. Долбар жасау, орынбасарлардың бірі болуы мүмкін күдіктену дұрыс емес», - деді ол.

Сонымен қатар ол факті нақтыланған жағдайда ғана сөз қозғауға болатындығын айтты.

«Нақтыланған ақпарат болып жатса, әрине, біз сіздермен бұл жайында сөйлесе аламыз. Алайда, дәл қазіргі жағдайда әріптестерімнің барлығы да жұмысында. Әріптесім жайлы, оның күдікке ілінгені немесе ұсталғаны туралы ресми мәлімет алған жоқпыз», - деді министр.

Қазір оқып жатыр

БҚО-да тазалық талаптарын бұзғандарға қатысты 7 мыңға жуық әкімшілік іс тіркелді

БҚО "Таза Қазақстан"

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов