USD
USD
USD

Аймағамбетов: Мұғалімдерді қызметіне қатысы жоқ жұмысқа тартуға жол берілмейді

Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов пен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов кездесіп, білім саласына қатысты мәселелерді талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймағамбетов: Мұғалімдерді қызметіне қатысы жоқ жұмысқа тартуға жол берілмейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сенаттың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, С.Еңсегенов білім беру жүйесінде туындаған және бейінді ведомствоның араласуын талап ететін бірқатар маңызды проблемаларды тілге тиек еткен. Атап айтқанда, депутат пен министр мектептердің қашықтан оқытуға дайындығы, мектеп директорларын ротациялау арқылы тағайындау, жалақыны арттыру және мемлекеттік сатып алуға құжаттарды дайындау бойынша мұғалімдерге түсетін жүктемені алып тастау мәселелерін талқылады. Аталған мәселелерді тұрғындар сенатордың аймақтық сапарлары кезінде көтерген.

Асхат Аймағамбетов ведомствода қолданыстағы заңнамаға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар жобасы дайындалғанын, ол қазірдің өзінде Парламентке жіберілгенін және бұл айтылған мәселелерді шешуге ықпал ететіндігін айтты.

Сондай-ақ, сенатор мектеп психологтары қызметіне қатысты туындайтын мәселелер туралы сөз қозғады.

Өз кезегінде А.Аймағамбетов «Педагог мәртебесі туралы» жаңа заң мұғалімдерді кәсіби қызметіне қатысы жоқ жұмысқа тартуға жол бермейтінін айтып, С.Еңсегенов сөз еткен мәселелердің барлығы министрліктің тұрақты бақылауында болатынын жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай