Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Аймағамбетов: Мұғалімдер екі құжатты ғана толтырады

Орталық коммуникациялар қызметінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің қатысуымен онлайн баспасөз мәслихаты өтті. 

Аймағамбетов: Мұғалімдер екі құжатты ғана толтырады
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Министрдің айтуынша, президенттің тапсырмасы ойдағыдай жүзеге асып отыр. "Президент Қ.Тоқаев 4 жыл ішінде педагогтардың жалақысын екі есеге көбейтуді тапсырды. Осы тұрғыда алабақша тәрбиешілері, колледж, ЖОО оқытушылары назарға алынды. Яғни, ұлттық университеттерде жұмыс істейтін оқытушылардың жалақысы 28 пайызға, мемлекеттік университеттегілердікі 20 пайызға көбейеді. Заң қабылданып, тиісті норма бекітілді" деді. 

Сондай-ақ, Аймағамбетов педагогтар 2020 жылдан бастап күніне екі құжатты ғана толтыру керектігін айтты. "Біріншісі – сынып журналы, екіншісі – сабақ жоспары. Оның өзі электронды негізде. Қалғанын алып тастадық. Осы талапты орындамаған басшыларға тиісті шара ұйымдастырып жатырмыз. Биылдың өзінде 50 жұмыс жүргізілді. ЖОО бойынша 11 құжатты алып тастадық. Бұл қағазбастылықтан арылуға әкелетін жол" деді министр. 

Қазір оқып жатыр

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

тариф