USD
USD
USD

Аймағамбетов: Мұғалім даярлайтын 36 университет лицензиясынан айырылды

Елдегі мұғалім даярлайтын 86 университеттің 36-сы лицензиясынан айырылды. Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осылай мәлім етті.

Аймағамбетов: Мұғалім даярлайтын 36 университет лицензиясынан айырылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Үлкен оқу жүктемесі мен қағазбасылық педагогтердің сабаққа толыққанды дайындалуына қиындық туғызғаны белгілі. Сондықтан біз педагогикалық жүктемені 800-1000 сағаттан 680 сағатқа дейін азайтып, есептілік нысандарын да 35% қысқарттық. Бұл шара да әріптестерімізге сапалы білім берумен, ғылыммен айналысуға мүмкіндік берері сөзсіз», – деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, ол білім сапасын қамтамасыз ету үшін қандай мемлекеттік бақылау шаралары қабылданғанын атады.

«Министрлік сапасыз білім беретін университеттерде тексеріс жүргізіп, нәтижесінде анықталған кемшіліктер бойынша 500-ден астам сот процесіне қатысып, 15 университетті толығымен жапты. Тағы 4 университетті жабу бойынша соттың шешімі қабылданды. Бірақ қазір апелляция жүруде. Бұған қоса, тағы 61 университеттің 400 сапасыз білім берген бағыттары бойынша лицензиялары қайтып алынды. Студенттері басқа оқу орындарына ауыстырылды», – деген министр тексеріс процедурасы да жетілдірілгенін, оған студенттерді тестілеу мен жұмыс берушілерден сауалнама жүргізу сияқты сапалы көрсеткіштер енгізілгенін қосты.

«Мысалы, мұғалімдерді мұның алдында 86 университет дайындаса және сапасы бойынша көп сұрақтар туындаса, енді педагогтерді тек 50 оқу орыны ғана дайындайды. Яғни, тек осы бағыт бойынша ғана 36 университеттің лицензиясы қайтарып алынды. Әрі қарай осы жұмысты жалғастырамыз», – деді Асхат Аймағамбетов.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті

.

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

сот

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Сот балғасы

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

Курьер