USD
USD
USD

Аймағамбетов: Мектептегі дәретханаларды «музей» сияқты жауып қойған

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағаметов жылы дәретханалардың шын мәнінде жұмыс істеуін қадағалауды тапсырды.  

Аймағамбетов: Мектептегі дәретханаларды «музей» сияқты жауып қойған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ешкімді алдаудың қажеті жоқ. Жылы дәретхананы орнатқанымен, оны музей сияқты қастерлеп, жабық ұстайтын мектептер де бар. Тексерушілер келгенде ғана ашылатындықтан, басқа кезде оқушылар ауладағы дәретханаға барып жүрген жағдайлар әшкере болды. Мұндайға жол берілмеуі керек. Ауылды елді мекендерде сырттағы дәретхана деген болмауы керек немесе оған оқушылар кіре алмайтындай етіп бекітілуі керек. Қаржы шығындап, жылы дәретхана салған екенбіз, олар үнемі жұмыс істеп тұруы тиіс», – деді Асхат Аймағамбетов.

Үкімет жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында. Ведомство басшысы бұдан былай жылы дәретханалардың санитарлық тораппен жабдықталуына баса көңіл бөлінетінін ескертті.

«Жылы дәретхананың өзі ғана болғаны жеткіліксіз. Мен комитетке тапсырма бердім, бұдан былай ол дәреханалардың сумен қаншалықты жабдықталғанын, ассенизатор машиналарының болуын, септиктердің дұрыс жұмыс істеуін қадағалау керек. Бұл мәселелер шешілмесе, жылы дәретхана жұмыс істейді дегеніміз өтірік болады», – деді Білім және ғылым министрі.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

.

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

.

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

.

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

.