USD
USD
USD

Аймағамбетов: Қашықтан оқытуға қаржы бөлінген жоқ

Республика бюджетінен қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін қаржы бөлінген жоқ. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Аймағамбетов: Қашықтан оқытуға қаржы бөлінген жоқ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Кеше қашықтан оқытуға қаржы бөлуге қатысты көтерілген мәселелерге орай бірнеше сөз айтқым келеді. Бүгінде БАҚ-та көптеген түрлі ақпараттар тарап жатыр. Біреулер қашықтан оқытуға 70 млн доллар бөлінді дегенді айтып жүр», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, өткен оқу жылының 4-тоқсанында қашықтан оқуға көшіру мәжбүрлі шара болған.

«Бұл ақпарат шындыққа сай емес. Өйткені, қашықтан оқыту осы жылдың сәуір айында ғана енгізіле бастады. 4-тоқсанда қашықтан оқытуды жүзеге асыру жайында айтар болсақ, оған қаражат бөлінген жоқ. Себебі, сол уақытта, 4-тоқсанда біздің интернет-платформалар барлық ресурстарын ашып қойды. Төтенше жағдай режимі кезеңі болғандықтан бұл толықтай тегін жасалды. Біз әріптестерімізге өтініш жасадық, олар қолдау көрсетті. Бұған қоса, 4-тоқсанда телевизиялық сабақтар да тегін түсіріліп, көрсетілді», - деді Асхат Аймағамбетов.

Қазір оқып жатыр

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті

ENRC Ұлыбританияның қаржылық алаяқтыққа қарсы органымен бітімге келді

ENRC