USD
USD
USD

Аймағамбетов: Биыл мектеп директорларын ауыстыру жұмыстары басталады

Биыл мыңнан астам директор ротацияланады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

Аймағамбетов: Биыл мектеп директорларын ауыстыру жұмыстары басталады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Биыл директорлардың ротациясы басталады. Алдыңғы жылды заңнаманы қабылдап, бекіттік.  Енді биыл нақты мыңнан астам директор ротацияға ілінеді», – деді министр.

Ротацияның ережелері:

Біріншіден, бір білім беру ұйымында 4 немесе 7 жылдан астам жұмыс істеген басшылар ротацияланады.

Бұл ретте, осы білім беру ұйымында лауазымға тағайындалған күннен бастап 4 жыл жұмыс атқарған бірінші басшы ротациядан өтініші негізінде босатылып, тиісінше қолданыстағы еңбек шарты шеңберінде өз жұмысын жалғастыра алады.

Алайда егер басшы аталған ұйымда 7 жылдан астам уақыт жұмыс істесе, онда ол міндетті түрде ротацияланады. Осылайша, бір білім беру ұйымына жетекшілік ету мерзімі 7 жылдан аспауы тиіс.

Екіншіден, ротациялаудың төмендегідей шарттары бар:

– ротациялауды облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың Білім басқармалары жүзеге асырады;

– ротация бір елді мекен аумағында жүргізіледі;

– ротациялауды бір деңгейдегі ұйым басшылары арасында жүргізеді.

– ротациялау кезінде бірінші басшылардың біліктілік санаты, яғни аталған санат үшін төленетін қосымша ақы да мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.

Қазір оқып жатыр

Зейнетақы жинағына берілетін мемлекеттік кепілдік неге алынып тасталуы мүмкін?

.

Қазақстан Сингапурдың зейнетақы моделіне көше ме?

зейнетақы

Джеки Чан Қазақстанда «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмінің түсірілімін бастады

.

Тоқаев Ауыл шаруашылығы министріне азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуды тапсырды

Тоқаев, Сапаров