USD
USD
USD

Аймағамбетов: 2,6 млн оқушы қашықтан оқиды

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз мәслихатында жаңа оқу жылына дайындық барысын баяндады.

Аймағамбетов: 2,6 млн оқушы қашықтан оқиды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, жаңа оқу жылында бірқатар өзгеріс бар. «Бізге балалардың, ұстаздардың қауіпсіздігі қымбат. Дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Биыл мектептегі білім алуда екі ерекшелік бар. Бірінші – кезекші сыныптардың жұмысы. Ата-ана құптаса кезекші сынып болады. Екінші, шалғайдағы елді мекендер дәстүрлі форматта білім ала береді» деді министр.

Яғни, оқушылардың 80 пайызы қашықтан оқиды. Бұл – 2,6 млн оқушы. Ал 15 пайызы кезекші сыныпқа бармақ. Бұл 530 мың оқушы. Сондай-ақ, 5 пайызы дәстүрлі форматта оқиды.

Министр қашықтан оқыту бойынша екі негізгі бағытты атады. «Бірінші, интернет плотформасы арқылы. Бұрын 2 платформа болса, тағы 6-уы қосылып 8 интернет платформаға жетті. Екінші, телеарна арқылы берілетін сабақ. «Ел арна» мен «Balapan» арнасы жоспарға сәйкес, эфирдің 9 сағатын бізге беріп отыр. Телесабақтар 1 қыркүйекке дейін дайын болады» деді Асхат Аймағамбетов.

«Кезекші сынгыптар бойынша айтсақ, бірнеше қатаң талап ескеріледі. Бірінші, қауіпсіздік мәселесі. Сабақ 40 минутқа созылады. Балалар бір кабинетте ғана оқитын болады. Әр күн сайын желдету, жуу шарасы жүргізіледі. Ал шағын жинақталған мектептерде де осы талаптар сақталады. Бір сыныпта бұрын 25 оқушы болса, енді 15 баладан аспауы керек. Қазіргі таңда ата-анамен тығыз жұмыс жүргізілуде. 19 тамыздан нақты жұмыс жоспары бойынша жұмысты бастап кеттік. Одан кейін 21 тамызда педагогикалық кеңес өтті. Жаңа оқу жылынджа қандай ерекшелік бар, сағаттар қалай бөлінеді, бәрі айтылды. Сол сияқты 323 мың мұғалім жаңа дағдылар бойынша білімін жетілдірді» деді министр өз сөзінде.  

Қазір оқып жатыр

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған

Семей

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Өрт сөндіру

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Депутат

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты

Ай