Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Аймағамбетов: Жекеменшік ЖОО өз қателіктерін неге мойындамайды?

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ОКҚ-де журналистерге брифинг өткізді. 

Аймағамбетов: Жекеменшік ЖОО өз қателіктерін неге мойындамайды?
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Министр Аймағамбетовке соңғы кезде лицензиясынан айрылған ЖОО-ның жайы туралы сұрақ қойылды. Министрдің айтуынша, бұл мәселе ақпарат құралдарында әртүрлі көрініс тауып жүр. "Әрине, олар да өздерінің ісін дәлелдегісі келеді. Қазір лицензиясынан айрылған оқу орындарындағы студенттер басқа оқу орындарына орналасты. Гранттары сақталды. Бірде бір студент далада қалған жоқ" деді. 

Сондай-ақ, министр Аймағамбетов олардың лицензиясы бекерден бекер алынбағанын айтты. "ЖОО-да білім беру сапасы төмендеп кеткен. Біз ең алдымен сапалы білім беруді көздейміз. 43 оқу орнының лицензиясы сол үшін алынды. Себебі, материалдық базасы ескірген, сапалы білім беретін оқытушылар құрамы азайып кеткен. Әрине, оқу орнын ашуға қаншама қаржы құйды. Бірақ тексеру барысында арнайы тәуекелдер жүйесіне ілікті. Тексерген соң қателігін түзеуге уақыт берілді. Өз уақытында міндеттемелерді орындау тиіс еді. Өкінішке қарай, осындай шешім шықты. Енді келіп реніш білдіріп жатыр. Қателіктерін неге мойындамайды?" деп толықтырды пікірін. 

 Министр ЖОО-ын мемлекеттік және жекеменшік деп бөлмейтінін де тілге тиек етті. 

Қазір оқып жатыр

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Енді фонограммамен ән айтқан әншілерге 400 мың теңгеден жоғары айыппұл салынады

Микрофон

Алматы облысында жеке сот орындаушысы құмар ойынға 140 млн теңгеге жуық қаржы салған

жеке сот орындаушысы

Тоқаев Сыртқы саясат тұжырымдамасынан Назарбаевтың өмір бойғы құқығын алып тастады

Назарбаев