Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жерар Депардье әйел зорлады деген күдікке ілінді

Белгілі француз актері Жерар Депардьеге әйелді зорлады және жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрледі деген айып тағылып отыр

Жерар Депардье әйел зорлады деген күдікке ілінді
Фото: NEGE.kz

, деп хабарлайды РИА Новости.

Алматы, NEGE.  Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, айып 16 желтоқсанда тағылған. Шағым түсірген жас актриса оқиға 2018 жылдың жазында болғанын жеткізген. Қылмыс құрамы анықталмаған соң тергеу 2019 жылдың маусым айында тоқтатылды. Ал танымал әртістің өзі бұндай жағдай мүлдем болмағанын атап өтті. 2020 жылдың тамызында Париж прокуратурасы істі қайта қарау туралы сұрау жіберді. Өткен жылдың қазан айында тергеуші істі жандандырғаны белгілі болды. Айта кетейік, Жерар Депардье жүздеген фильмге түскен атақты француз актерлерінің бірі. Ол 2013 жылы Франциядан кетті. Өнер иесі байларға салынатын салықтың тым көп екендігіне келіспей, Ресей азаматтығын алды.

Қазір оқып жатыр

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел

Экономист Алматыдағы автотұрақтардың құнын 1 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынды

ақылы тұрақ