Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Әйелінің ұят видеоларын WhatsApp-қа салған еркектің басы дауға қалды

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінен хабарлағандай, ол әйелімен ажырасқысы келмеген. Бұл қарсылығынан түк шықпаған соң, келіншегінің жалаңаш түскен видеоларын тума-туыстары мен барлық таныстарына таратамын деп қорқытқан

Әйелінің ұят видеоларын WhatsApp-қа салған еркектің басы дауға қалды
Фото: NEGE.kz

, деп хабарлайды  Астана ТВ.

Нұр-Сұлтан. NEGE. Бұған көнбеген соң, әйелінің бейәдеп видеоларын жақындарына уатсапп желісі арқылы жіберіп үлгерген. Осылайша ол сүйген жарын ұялтып, отбасына кері қайтаруға тырысыпты. Келіншек болса, бірден полицияға шағымданған. Сезімді сергелдеңге салған сері жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ерлі-зайыптылардың арасындағы дауды енді сот шешпек.

Мөлдір САДЫРҒАЛИЕВА, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:

- Қазір осы оқиға бойынша ҚР ҚК 311-бабы, 1-бөлігі, яғни порнографиялық материалдарды заңсыз тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заң бойынша күдіктіге 2 мың АЕК көлемінде айыппұл салу немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

 

Қазір оқып жатыр

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық

Маңғыстауда кәсіпкер салынып қойған нысан құрылысына 117 млн теңге субсидия алған

Ақша