USD
USD
USD

Әйелінің құпиясын біліп қойған ер адам сотқа жүгінді

Ер адам әйелінің жасырын некеде тұрғанын біліп қойған, деп хабарлады Астана қаласы сотының баспасөз қызметі.

Әйелінің құпиясын біліп қойған ер адам сотқа жүгінді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Талап қоюшы «А» некені жарамсыз деп тану туралы жауапкер «Б»-ға қатысты талап қойып, сотқа жүгінді. Ол осы орайда шамамен 5 жыл бұрын Дубай қаласында жауапкермен некеге тұрғанын, некенің елшілікте, содан кейін ҚР аумағындағы АХАТ органында тіркелгенін алға тартты. Олар бірге тұрған кезеңде ортақ балалары дүниеге келген.

Одан кейін отбасы Грузияға қоныс аударып, онда олар сол елде тұруға рұқсат алған.

Алайда, құжаттарды алған кезде «А» зайыбы «Б»-ның 7 жыл бұрын Тбилиси қаласында Грузия азаматымен некеге тұрғанын білді.

Талап қоюшы осы жағдайға орай сотта зайыбының некеде тұрғаны туралы ештеңе білмейтінін түсіндірді.

Сот «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Соттардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы істерді қараған кезде заңнаманы қолдану туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2000 жылғы 28 сәуірдегі №5 нормативтік қаулысының нормаларына сілтеме жасай отырып, қойылған талапты қанағаттандырды.

"Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы Бас консулдығында «А» мен «Б» арасында 2018 жылы тіркелген некені сот жарамсыз деп таныды. Жауапкер «Б» Астана қаласының сотына апелляциялық шағыммен жүгінді. Апелляциялық сатыдағы сот сот шешімін өзгеріссіз қалдырды", - делінген хабарламада. 

Шешім заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Автогазға кезек: министрлік Маңғыстау мен Атыраудағы жағдайды түсіндірді

.

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич