USD
USD
USD

Әйеліне пышақ сұққан Ақмола облысының тұрғыны ұсталды

Ақмола облысының тұрғыны әйеліне пышақ сұққан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әйеліне пышақ сұққан Ақмола облысының тұрғыны ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полицияға отбасында болған қанды драма туралы хабарлама 20 желтоқсанда шамамен сағат 06.55-те келді. Оқиға туралы Құқық қорғау органдарына шақыру бойынша келген жедел жәрдем станциясының фельдшері хабарлады: медицина қызметкерінің айтуынша, көпсалалы облыстық аурухананың қабылдау бөлмесіне кеуде аймағына салынған пышақ жарақатымен 30 жастағы әйел жеткізілген.

Жәбірленушінің мекенжайын біліп, оқиға орнына Көкшетау қаласы Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы келді. Материалдарды бастапқы жинау кезінде әйелге жараны оның жұбайы жасағаны анықталды. Өзі бірден оқиға орнынан қашып кеткен.

Күдіктінің белгілерімен бағдарлау дереу патрульдік полиция батальонының барлық жасақтарына берілді. 2 сағаттан өткен соң 26 жастағы ер адамды ППБ экипажы ұстап алып, полиция бөліміне жеткізді. Сондай-ақ оқиға болған жерді тексеру барысында полицейлер қылмыс құралы – ас үй пышағын тауып, тәркіледі.

Ұсталған адамның айғақтарынан оқиға болған түні жұбайы екеуі арасында ауызша жанжал болғаны, ер адам сол кеште алкоголь ішкені белгілі болды. Қазіргі уақытта бұл факт ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторын қамалды.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық