USD
USD
USD

Әйелін өлтіріп, артынан өзіне қол салған ер адамға қатысты жаңа деректер шықты

Алматы қаласында ер адам әйелін тапаншамен атып өлтіріп артынан өзіне қол салған, деп хабарлайды Астана телеарнасы. 

Әйелін өлтіріп, артынан өзіне қол салған ер адамға қатысты жаңа деректер шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Көршілердің айтуынша, 48 жастағы азамат пен оның жұбайы ажырасу үстінде болған. Олар қайғылы оқиғаға қызғаныш себеп болды дейді. Қылмыс болған үйде ерлі зайыптылардан бөлек ұлы мен келіні бірге тұрған. Бірінші болып ата-анасының мәйітін жұмыстан оралған ұлы көрген.

– Қылмыс ер азаматтың қызғанышынан болды, күйеуі әйелін өлтірді. Мәйіттерді кешкі 19:20 шамасында анықтадық. Ұлы жұмыстан келіп, маған бірден қоңырау шалды. Полиция кешкі 7 жарымнан таңғы 5-ке дейін болды, – дейді көршілері.

Жантүршігерлік оқиғаның мән жайын полиция департаменті анықтап жатыр.

– Аталмыш дерек Наурызбай ауданында орын алған. Алдын ала болжам бойынша отбасындағы жанжал кезінде 48 жастағы ер адам әйелін өлтіріп, өзіне-өзі қол жұмсаған. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің біріңғай тізіліміне тіркелді, – дейді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 
 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар