USD
USD
USD

Әйелін қызғанған ер адам терезеден секірмек болған

Көкшетауда ер адам көпқабатты үйдің терезесінен секірмекші болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әйелін қызғанған ер адам терезеден секірмек болған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Көкшетау қалалық полиция басқармасының «Тұран» кезекші бөліміне Ескі әуежай көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде отбасылық-тұрмыстық жанжал болып жатқандығы туралы қоңырау түскен.

«Анықталғандай, ер адам жеті ай өзімен бірге тұрмайтын әйелін қызғанып, жанжал шығарған. Артынша, пәтердің терезесіне шығып, секірмек болған. Ешкімнің сөзін тыңдамаған оны ағасы келіп, райынан қайтарды», – деді ведомстводан.

Сонымен бірге ер адам әйелге дене жарақатын салып, ұялы телефонын сындырған. Осыған байланысты зардап шеккен әйелден полицияға арыз түсті.

«Биылғы жылдың маусым айында жұбайының шағымы бойынша қорғаныс ұйғарымы шығарылған. Ер адам мінез-құлқына байланысты профилактикалық есепте болған», - деп толықтырды ведомстводан.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала