USD
USD
USD

Әйелімен жанжалдасқан ер адам қамауға алынды

Елордада зайыбымен жанжалдасқан ер адам екі тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім болды.

Әйелімен жанжалдасқан ер адам қамауға алынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Кешкі уақытта 102 арнасына 45 жастағы ер адамның алкогольдік ішімдікке масайған күйінде әйеліне балағат сөз айтып, психологиялық қысым жасап жатқаны туралы хабар келіп түсті. Белгілі болғандай, бұл адам осыған дейін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Алайда оның осы жағдайдан сабақ алмағанын байқауға болады», - делінген полиция хабарламасында.

Аталған ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сот қаулысымен ол екі тәулікке қамауға алынды.

Айта кетейік, жыл басынан бері отбасылық тұрмыстық қатынастар саласында полиция тарапынан екі мыңға тарта әкімшілік іс қозғалды.

4724 қорғау нұсқамасы беріліп, сот тарапынан 249 адамның тәртібіне ерекше талап бекітілді. 215 адам қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Қазір оқып жатыр

Ұлттық қордан өңірлерге 1,5 трлн теңге бөлінеді: қаражат қайда жұмсалмақ?

primeminister.kz

Павлодардағы колониядан Wi-Fi-роутерлері, Sony PlayStation ойын приставкасы мен смартфондар табылды

сот

Karachaganak Support Service компаниясының негізін қалаушы 2,2 млн доллар жымқырғаны үшін сотталды

Сот балғасы

Оралда екі жасөспірім тоғыз қабатты үйдің шатырынан құлап, қаза тапты

Көпөабатты тұрғын үй