USD
USD
USD

Әйелімен ұрысқан еркек үйін өртеп жіберді

Түркістан облысында әйелімен жанжалдасып қалған ер адам өз үйін өртеп жіберді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әйелімен ұрысқан еркек үйін өртеп жіберді
Фото: NEGE.kz

Түркістан, NEGE.  Бәйдібек АПБ-ға жергілікті тұрғын хабарласып, өзінің төрт бөлмелі үйін күйеуінің қасақана өртегенін жеткізді. Үй ішінде тұрмыстық заттар, алтын бұйымдар болған. Оқиға салдарынан жәбірленуші үш млн. теңге шығынға батты.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚК-нің 202-бабы 2-бөлімі (Бағалы қағаздар эмитентi лауазымды адамының ақпарат бермеуi не көрiнеу жалған мәлiметтер беруi) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Ақпарат алысымен бәйдібектік тәжірибелі полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырды. Тез арада іске кірісіп, оқиғаның қалай болғанын анықтады.

Ерлі-зайыптылардың арасында келіспеушілік туындаған. Содан түсініспеушіліктің арты дауға ұласып, ашуға бой алдырған азамат мас халде үйге өрт қойған. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер