USD
USD
USD

Әйелімен ренжісіп қалған павлодарлық татуласу үшін полиция шақыртқан

Әйелімен ренжісіп қалған павлодарлық татуласу үшін полиция шақыртқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әйелімен ренжісіп қалған павлодарлық татуласу үшін полиция шақыртқан
Фото: NEGE.kz

Павлодар, NEGE.  Павлодар қаласының тұрғыны әйелімен татуласудың “креативті” тәсілін ойлап тапқан. Ер адам отбасылық жанжалдан кейін полицияға қоңырау шалып, әйелін ақша ұрлады деп айыптаған. Толстой көшесі бойынша шақыртуға шыққан учаскелік полиция инспекторы ешқандай ұрлықтың болмағанын анықтады.

– 47 жастағы павлодарлықтың әйелі отбасылық жанжалдан кейін ата-анасына кетіп қалған. Ер адам мас күйінде полицияға қоңырау шалып, 500 мың теңге көлемінде қаражаттың жоғалғаны туралы хабарлап, осындай ерекше тәсілмен павлодарлық әйелін қайтармақ болған, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мұны әйелі елемей, ата-анасының үйінде қалған. Полицейлер ер адаммен мұндай фактілерге жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізді. Ер адам түзеліп, әйелімен татуласуға уәде берді.

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити