USD
USD
USD

Әйелді ұрып-соққан Шымкент тұрғыны қамауға алынды

39 жастағы әйелдің денесін жарақаттаған шымкенттік уақытша изоляторға қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әйелді ұрып-соққан Шымкент тұрғыны қамауға алынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шымкент қаласының Полиция департаменті Абай ауданының Полиция басқармасымен 26 мамыр күні 39 жастағы жергілікті тұрғынның дене жарақатын алу бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 1-бөлігімен (денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Жедел-тергеу тобы осы жағдайға қатысы бар деген күдіктіні анықтады. Жедел іздестіру кезінде қолға түскен 48 жастағы жергілікті тұрғын уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Шымкент қаласы Полиция департаменті басшылығының бастамасымен адамға бағытталған психология, шұғыл психологиялық көмек көрсету, бала мен ата-ана қатынастары саласындағы маман Айгүл Рахметованың және заңгер, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбектің қатысуымен жәбірленушімен кездесу ұйымдастырылды. Тағайындалған сараптамалардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Тергеу барысы Шымкент қаласы прокуратурасы мен Полиция департаменті басшылығының бақылауында тұр.

Қазір оқып жатыр

Санжар Боқаев 10 жылға сотталды

бокаев

Ақтөбеде қайтарылған активтер есебінен салынған 300 орындық арнайы балабақша ашылды

Ақтөбе

Семейде жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әке өмір бойына сотталды

сотталған

Күйеуінің қолынан ажал құшқан астаналық тұрғынның анасы соттың ашық өтуін талап етті

Жазира Адауова