Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Әйелдер тегін аттракцион үшін төбелесті

Балаларды қорғау күні тегін аттракционға таласқан ата-аналар төбелесіп кетті.  

Әйелдер тегін аттракцион үшін төбелесті
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. Қарағанды ​​тұрғындары Балаларды қорғау күні демалыс саябағындағы тегін аттракционның жанында төбелес шығарды. Әйелдер кімнің баласы карусельде айналатынын «шешіп» жатқан сәтті куәгерлер видеоға түсіріп алған. Роликтен аттракционның жанына көп адам жиналғанын көруге болады. Бір күн бұрын әкімдік 1 маусымда сағат 12:00-ден 17:00-ге дейін 14 жасқа дейінгі балалар төрт аттракционда тегін сырғанай алатынын хабарлады. Бұл күні саябаққа көптеген адам жиналып, жанжал шықты. Кейінірек қалалық әкімдік болған жағдайға түсініктеме берді. 

«Орталық саябақта тұрғындардың карантиндік нормаларды сақтамауына байланысты «Мәдениет және демалыс саябақтары басқармасы»КМҚК басшылығы аумақта орналасқан аттракциондар мен бизнес нысандарының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады», – делінген хабарламада. Әкімдік сонымен қатар қала тұрғындарын бұл шараға түсіністікпен қарауға шақырды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА