Әйел өзінің 15 жыл бұрын «өліп қалғанын» білді
Sixth Tone басылымы жазды.
Нұр-Сұлтан, NEGE. 2005 жылы Лицзя қаласының тұрғыны – Ван атты әйел күйеуге шығып, Гуандунға кетеді. Сол кезде ол тіркеу туралы құжатын өзгертпек болады. Қытайда осы құжат бойынша емделуге, білім алуға және меншік құқығына қатысты түрлі жеңілдіктер беріледі екен. Некеге тұрған кезде жұбайлар осы құжатты тапсыруы тиіс. Қытайлық әйел 2014 жылы бірінші күйеуімен ажырасады.
2020 жылы 39 жасында қайта тұрмысқа шығуға бел буып, құжаттарын реттей бастайды. Жергілікті билік органдары болса, «аталған құжат иесінің қайтыс болуына байланысты 2005 жылы жойылған» деп, тіркеуден бас тартады. Сөйтіп, жоқ жерден басы бәлеге қалады. Мемлекеттік қызметкердің қателігін түзеу үшін, түрлі мемлекеттік құрылымдардың табалдырығын тоздырып, қомақты ақшасын да жұмсайды. Десе де, одан ешқандай нәтиже шықпаған.
«Бұл құжат енді менің өмірімді соңғы демім біткенше тозаққа айналдыруы керек пе?» – деп ашуланады Ван. Тіркеусіз оның өзі де, отбасы да, бала-шағасы да әуре-сарсаңға түсе бермек.