USD
USD
USD

Әйел баласымен 12-қабаттан секірмек болды

Елордада әйел баласымен бірге секірмек болды. 

Әйел баласымен 12-қабаттан секірмек болды
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. 21 жастағы келіншек бұл қадамға отбасылық жанжалдан кейін барған. Оның қолындағы бала бір жарым жаста болып шықтыЕ. лордада әйел баласымен бірге 12-қабаттан секірмекші болды, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

22 қазанда кешкі сағат 17.30 шамасында полиция капитаны Кубрин көшесіндегі үйдің 12-қабаттағы балконында баласымен бірге секіруге оқталып тұрған әйелді байқап қалды. Әйел балконның жақтауында отырған. Полиция капитаны Қайрат Нариманов дереу 12-қабатқа көтерілді. Үйге кіріп, балкон жақтауында отырған әйелді құтқарып үлгерді. 

21 жастағы келіншек бұл қадамға отбасылық жанжалдан кейін барған. Оның қолындағы бала бір жарым жаста болып шықты. "Бұл күні тәуліктік кезекшіліктен кейін демалыста болатынмын. Балаларымды алып балабақшадан келе жатқанда балконда отырған әйелді байқап қалдым. Дереу пәтерге қарай жүгірдім. Абырой болғанда оны құтқарып үлгердім", - дейді полиция капитаны. 

Әйелін осындай жағдайға жеткізген ер адамға жарын бақылауға алу нұсқаулығы берілді. Ал әйелмен профилактикалық әңгіме жүргізілді. 

Қазір оқып жатыр

РФММ гранттары төңірегіндегі дау: Оқу-ағарту министрлігі түсінік берді

.

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

.

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

.

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

.