USD
USD
USD

Әйел азық-түлік әкеліп беремін деп халықты ақшаға алдап жүрген

Түрксіб аудандық полиция Басқармасына 1974 жылы туған П.азаматшаның жасаған алаяқтық әрекеттері фактілері бойынша ұжымдық арыз түсті.

Әйел азық-түлік әкеліп беремін деп халықты ақшаға алдап жүрген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.Жедел-іздестіру шаралары барысында әйел ұсталды. Ол бұрын нарықта жұмыс істеген болып шықты. Бұл фактор шешуші рөл атқарды. П. азаматша өзін таныстарының арасында азық-түлікті базар бағасынан төмен бағамен сатып алатын адам ретінде көрсетті. Адамдар оған көп мөлшерде азық-түлік қорын жинау үмітімен ақшаны берді. Ол өз кезегінде төлемді өз тәсілімен жұмсады. Нәтижесінде: тауар да жоқ, ақша да жоқ. Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас 30 фактіге қатыстылығы дәлелденді. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары ҚР ҚК-нің 190 бабы – алаяқтық бойынша жүргізіліп жатыр, – деді, Түрксіб аудандық полиция Басқармасының бастығы Еркін Амантаев. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары қала тұрғындары мен қонақтарын П. азаматшаның заңсыз әрекеттерінен зардап шеккендерді мына телефондар арқылы хабарлауға шақырады: 298-54-02 немесе 298-54-08.

Қазір оқып жатыр

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны

Көкшетауда тағы бір суицид оқиғасы тіркелді: аурухана маңынан ер адамның мәйіті табылды

Полиция