USD
USD
USD

Әйел адам қызғаныштан астаналық екі қызды соққыға жықты

Астанада қызғаныштан төбелес шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әйел адам қызғаныштан астаналық екі қызды соққыға жықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 27 тамызда Бейбітшілік көшесі, 26 үйде әйел адам екі бойжеткенге шабуыл жасаған: бірінің бетінен таспен ұрған және ол есін жоғалтқан.

Белгілі болғандай, екі жас қыз үйдің кіреберісінде көршісін (ер адам) кездестіріп қалған. Ол қыздардан досына хабарласып, шақырып беруін өтінген. Ер адамның досы келген кезде онымен бірге тұратын әйел төбелес шығарған. 
Зардап шегушілердің айтуынша, әйел тыйым салынған зат (есірткі) пайдаланған. Шабуылдаушы әйел екі қызды полицияға хабарласса, оларға есірткі салып, ұстатып жіберетінін айтып, қорқытқан. 

Елордалық полиция департаментінде «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты