USD
USD
USD

Qazforum: «Мен қазақпын!» деген ұраннан қашан арыламыз?

Нұр-Сұлтан қаласында қазақ тілінде онлайн контент жасаушыларының ІV форумы өтіп жатыр. 

Qazforum: «Мен қазақпын!» деген ұраннан қашан арыламыз?
Фото: NEGE.kz

 

Нұр-Сұлтан, NEGE. Форумның алғашқы отырысы "Қазақ қоғамына қандай медиа қажет?" деген тақырыпта өрбіді. Бұл тақырып аясында спикер, саясаттанушы Айдос Сарым "Қазақ баспасөзі бүгінгі заманға лайық па?" деген мәселені ортаға салды. 

"Қазақ баспасөзі үнемі даму үстінде. Нарыққа енді бейімделіп келеді. Қазақ баспасөзі әлі күнге "мемлекеттік тілдің болашағы бар ма, жоқ па?" деген жайтты көтеріп келеді. Біз қашанғы "Мен қазақпын!" деген ұраннан арыламыз.

Ендігі басқа терең мәселелерді қаузауға болмай ма? Қазір қазақтілді интернет сайттары да бір-біріне ұқсас", – дейді Айдос Сарым. «Қазір қазақ баспасөзінің иісі де қалмаған сияқты. Қазақ газеттері де, сайттары да бір-біріне ұқсап кетті. Біздің баспасөзде саяси рең пайда болып, оңшыл газеттер, солшыл газеттер, орта таптың мәселесін көтеретін газет, сайттар пайда болса деймін. Қазақ көбінесе солшыл қоғам, бізге қазір оңға бұрылыс керек. Қоғам арасында жаңа идея, жаңа пікірталастарға жол ашу – өз қолымыздағы нәрсе», – дейді саясаттанушы. 

«Бұрын БАҚ-ты төртінші билік десе, қазір «бесінші билік – әлеуметтік желі болса, алтыншы билік – мессенджер. Біз осының бәріне бейімделе алмай жатқан сияқтымыз», – деді Айдос Сарым. 

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.