USD
USD
USD

Айдынбай Қайырберді самбодан Азия чемпионы атанды

Атырау облысының спортшысы Айдынбай Қайырберді самбодан Азия чемпионы атанды. Ал, екі спортшы жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Айдынбай Қайырберді самбодан Азия чемпионы атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, самбошы Айдынбай Қайырберді Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

«Ливан елінің Джуния қаласында спорттың самбо түрінен Азия чемпионаты 2-4 маусым күндері өтті. Чемпионатқа құрлықтағы 16 елден 260 спортшы қатысып, ересектер, жастар және жасөспірімдер арасындағы ең мықтыны анықтау үшін бақ сынады. Ел намысын ерлер тобында қорғаған спортшылардың қатарында Айдынбай Қайырберді де бар. Ол 58 келі салмақта тартысқа толы кездесулерді сәтті өткізіп, қарсыластарының бәрінен басымдығын танытты. Сөйтіп, Азия чемпионатының жеңімпазы атанды», – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Ал, қыздар арасында Аружан Жандарбай күміс жүлдені еншіледі. Ол жасөспірімдер тобында 72 келіде сынға түскен еді. Бұл чемптонатта тағы бір спортшының бағы жанып, жүлдегерлер қатарынан көрінді. Ол –жасөспірімдер арасында 53 келіде белдескен Аңсаған Қазбек. Енді оның еншісінде Азия чемпионатының қола жүлдесі бар.

«Айдынбай Қайырберді – бұған дейін де бірнеше сайыста бақ сынап, тәжірибе жинаған спортшы. Ол 2019 жылы Үндістан елінің астанасы – Дели қаласында жалауы желбіреген Азия чемпионатына қатысқан. Сол додада өз салмағындағы қарсыластарын қапы қалдырып, Азия чемпионы атанған еді», -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Қазір оқып жатыр

Алғашқы Құрылтай сайлауында «Әділет» партиясы 71,17% дауыс жинап, жеңіске жетті

Құрылтай сайлауы

Бірқатар өңір жылыту маусымына әлі толық дайын емес

ауа

Қазақстанда қысқа дайындық: жылу желілерінің 65%-ы жөнделді

Жылу

ШҚО-да темір кенін заңсыз өндіріп, 1 млрд теңге табыс тапқан кәсіпкер сотталды

заңсыз кен өндіру