USD
USD
USD

Айдын Рахымбаев Ресейден келген этникалық қазақтарға жатақханалардан орын тауып бермекші

BI Group басшысы Айдын Рахымбаев Ресейден келген этникалық қазақтарға (әскери жастағы) Астана мен Атыраудағы жатақханалардан орын беріп, тамақпен қамтамасыз етуге уәде берді.

Айдын Рахымбаев Ресейден келген этникалық қазақтарға жатақханалардан орын тауып бермекші
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол бұл туралы өзінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында хабарлады. 

"Қандас бауырлар! Соңғы күндері көрші елде болған жағдайлар бізге де ауыр тиіп жатыр. Мобилизация деген сұмдық нәрсе ғой.. Әсіресе Орынбор, Омбы, Астрахан өңірлеріндегі майданға жүздеген қазақ бауырларымызды да алып кетіп жатыр екен. Жасын да, кәрісін де. Обал-ай... Кеткендердің көбісі аман келмейтіні анық қой.

Сондықтан біз жігіттермен келген әскер жасындағы қазақтарға Астана, Атыраудағы жатақханалардан орын мен тамағын беріп, көмектесейік деп шештік. Елге қарай жетсе болды ғой. Ағайындар, қазір сөз бен дау көп, бірақ көп дауласпай, өзіміздің қарапайым қазақтарымызды құтқарып қалайықшы..

Осындай жағдайларда бір-бірімізге қолдау көрсетпесек, қашан және кім көрсетеді", - деп жазды Айдын Рахымбаев. 

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити