USD
USD
USD

Айдың күн жағында су бар екені анықталды

Су Айдағы полюстердің көлеңкесінде ғана емес, сонымен қатар табиғи серіктің күн сәулесімен жарықтандырылған жағында да бар. Бұл туралы NASA америкалық аэроғарыш агенттігі жариялады. 

Айдың күн жағында су бар екені анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл жаңалық Айды стратосфералық обсерваторияны қолдану арқылы зерттеу кезінде ашылды. Су молекулалары аспан денесінің оңтүстік бөлігіндегі Клавий кратерінен табылды. Осылайша, Айдың меңгеру бағдарламаларын түзетуге мүмкіндік беретін теориялар расталды. Судың болуы бірқатар мәселені шешуді жеңілдетеді, оны тіпті отын жасау үшін де қолдану ұсынылды.

Алайда, NASA Астрофизика департаментінің директоры Пол Хертцтің айтуынша, Жердің табиғи серігінен қанша су табуға болатыны және оны нақты пайдалану мүмкіндігі әлі белгісіз.

Қазір оқып жатыр

Түркияда Қазақстандағы елшілік құрылысына бөлінген $15 млн төңірегінде дау туындады

Түркияның Қазақстандағы елшілігі ғимараты

Алматыда үй өртеніп, бес адам көз жұмды

Өрт сөндіру

«Ресей үшін қуандым»: Тоқаев Путинді Қытайдағы саммит қорытындысымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев, Владимир Путин

Тағдыр тауқыметін тартқан жүз әйел көлік жүргізуді тегін үйреніп шықты

Көлік апаты